кітапхана құрылымы
кітапхана құрылымы

Инновациялық және әдістеме-библиографиялық бөлімі

Бөлім меңгерушісі: Эльмира Сағындыққызы Кашкенова (67-60-89)


Бөлім облыстағы балалар кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетумен қатар, кітапхана қызметін ұйымдастырып, басшылық жасайды. Жыл сайын облыс кітапханашылары үшін ғылыми-тәжірибелік семинарлар, балалар оқу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізеді. Бөлімнің библиографы оқырмандарды кітап қорымен, каталогтармен, картотекалармен жұмыс және басқа инновациялық іздестіру жолдарымен таныстырады.




Кітап қорын жасақтау және сақтау бөлімі

Бөлім меңгерушісі: Гүлмира Абылқызы Досанова (97-60-88)

Кітап қорын жасақтау және сақтау бөлімі оқушылардың мектеп бағдарламасын меңгерулеріне атсалысып, кітап қорына ғылыми-танымдық әдебиеттерді іріктеп жинап қалыптастырады. Жыл сайын қор 3000 данадан астам кітап, мерізімді басылым, электрондық құжаттармен толықтырылады.



Мектепке дейінгі және төменгі класс оқушыларына қызметкөрсету бөлімі

Бөлім меңгерушісі:  Мәндібаева Рима Убайдуллақызы (97-60-88)


Бөлімге мектепке дейінгі және 1-6 класс оқушылары оқырман бола алады. Жас оқырмандандары сүйікті ертегілері мен танымдық әңгімелерінің кейіпкерлері асыға күтеді. Бөлімнің оқу залында балалар журналдар мен газеттерін оқи алады. Абонементтен кітапты 10 күнге үйге алуға болады. Оқып үлгере алмаған оқырман тағы 10 күнге ұзарта алады.



Жоғарғы класс оқушыларына қызмет көрсету бөлімі

Бөлім меңгерушісі: Кәмиля Сәмсенқызы Ідірісова (97-60-89)


Білім саласы бойынша 17000 дана әдебиетінен құрылған бөлімнің қоры 7-11 класс оқушыларына арналған. Балалар оқу залында рефераттар жазып, сабағына дайындалып, жасөмпірімдерге арналған журналдарын оқи алады. Сонымен қатар, қосымша және жедел ақпараттарды интернет желісі арқылы алуларына мүмкіндік бар.

 


 


100novihliz_kz


WhatsApp Image 2020-01-21 at 10.29.00

Санауыш


mod_vvisit_counterБүгін87
mod_vvisit_counterКеше698
mod_vvisit_counterБарлық уақыт ішінде451319