Главная страница
Құрметті жас оқырмандар, ата-аналар! PDF Басып шығару E-mail
Авторлар: Administrator   
27.07.2012 04:52

 

«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллигент  бола бастадым деп санауына болады» деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін  жан бола қоймас.

Ғылым мен техниканың дамуы өрлей түскенімен кітап адамзат баласына рухани байлық ретінде, жан дүниені кеңейтетін бірден-бір қазына ретінде қолдалынатыны белгілі.

Біздің балаларымыз да осы  бір қайталанбас, ғажап балалар әдебиетінің  нәрімен сусындап, бойына сіңіріп өссе екен дейміз. Бірақ, қазіргі заман балаларының  кітаптан басқа да ермегі толып жатыр, көгілдір экраннан  таңертеңнен кешке дейін көрсетілген әсерлі  мультфильмдер, түрлі компьютер ойындары. Бұл «бәсекелестер» бала назарын  кітаптан гөрі өзіне неғұрлым көбірек аударуда. Сөйтіп, бала мен көркем әдебиеттің арасы алшақтап, баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететін мүмкіндіктер ескерілмей қалып жатыр.

Д.Дидро «Кітап оқымаған ештеңе ойламайды» деген екен. Көркем әдебиет  оқымаған немесе нағыз өнер туындыларына деген қызығушылығы жоқ адам өзінен басқаның жан дүниесін түсінуді, сезінуді, басқаға жаны ашу сияқты  эмоционалдық-эстетикалық қасиеттерден арылады.

Кітап оқу мәселесі – бүкіл ұлтты толғандыруы тиіс.Ұлттың рухани сау болуы  кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген  тәжірибелер бойынша мынадай жағдайлар анықталған:  кітап оқитын адамдар белгілі бір мәселе  төңірегінде  тез шешім қабылдауға  бейім, есте сақтау деңгейі,  шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізіп, елмен жақсы қарым-қатынаста болып, сындарлы ойлай алатындығымен ерекшеленеді екен.

Сондықтан да ата-аналарды, ұстаздарды  кітапханамен бірлесе отырып, осы бағытта жұмыс  істеуге шақырамыз.

Оқырман ел – бәсекеге қабілетті қоғам негізі. Кітапқа деген  сүйіспеншілік тудыру  әрбір ата-ананың міндеті, борышы.

«Жастарымыз  салт-дәстүрімізді көзіміздің қарашығындай бағып  жүретін, көптің көкейіне  үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретін  болуы тиіс» -деген Н.Назарбаевтың сөзін өзіне бағыт-бағдар етіп қойған   Н.Байғанин атындағы  облыстық  балалар кітапханасында баланы  кітап оқуға еріксіз жетелейтін жұмыс түрлері өткізіліп тұрады. Кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында отбасылық «Шаңырақ», қызығушылық «Негеш», экологиялық «Ақбұлақ», әдеби «Желкен», өлкетану-патриоттық «Атамекен», «Болашақ» салауаттылық клубтары  жұмыс жасайды.

Клубтардың бағдарламасын  жасақтауда  бүгінгі бала – еліміздің  ертеңгі тұтқа ұстар азаматы екенін ескере отырып,  кітап оқу арқылы балаларды өмір сүруге, қиындықтарға мойымай, төтеп беруге үйрету негізгі міндет етіп қойылды.

Осы орайда, баланың бойына кіршіксіз  асыл сезім мен  адамшылық қасиет анасының кітап оқыған дауысын есту арқылы  даритынын  тағы да айтып кеткеніміз артық болмас.

Әсем безендірілген кітап көрмелері  есіктен кірген оқырманға білім шуағын шашып, көңілге  ұлттық рух  ұялатады. Оқырмандардың қиялына қанат бітіретін әдебиеттермен қауыштырып,  жастарды тәрбиелеу  жұмысына елеулі  үлес қосу тікелей парызымыз  деп  түсінген  кітапхана ұжымы Сізді  әрқашан  ықыласпен қарсы алуға дайын.

Кітапхана  директоры  Сұлушаш Максимқызы Хакимова

Жаңартылған 15.09.2016 07:09
 
 


100novihliz_kz


WhatsApp Image 2020-01-21 at 10.29.00

Санауыш


mod_vvisit_counterБүгін42
mod_vvisit_counterКеше215
mod_vvisit_counterБарлық уақыт ішінде416834